Алматыда Халықаралық адам құқықтары бюросының кеңсесі тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.37
  • 542.16
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Халықаралық адам құқықтары бюросының кеңсесі тоналды

Алматыда Халықаралық адам құқықтары бюросының кеңсесі тоналды

Демалыс күндері Алматыда Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары бюросының кеңсесі тоналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бюро директорының орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова хабарлады.

  • 15 Тамыз 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Ж.Тұрмағамбетованың айтуынша, «кеңседен 6 жайпақ монитор мен бюроның іс-қызметіне қатысты ақпараттары бар 13 процессор тоналған».

Ж.Тұрмағамбетованың айтуынша, кейінгі кездері бюрода азаматтардың хаты мен арыз-шағымдарына қатысты қалыпты жұмыстар жүргізіліп жатқан. Дегенмен, бюро директорының орынбасары «тонаушылық оқиғасы қандайбір нақты мақсатпен жасалған» деп пайымдайды. Оқиға орнында қазір Алматы ІІД, қылмыстық полиция және Бостандық аудандық ІІБ-ның өкілдері жұмыс істеп жатыр.