Алматыда кішкентай қызды зорламақ болған педофил қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кішкентай қызды зорламақ болған педофил қолға түсті

Алматыда кішкентай қызды зорламақ болған педофил қолға түсті

Алматыдағы Тастақ-1 ықшам ауданында жергілікті тұрғындар педофилді өз қолдарымен ұстап полицияға тапсырды. Ер адам аулада ойнап жүрген қыз баланы құшақтап алып кете берген сәтте ұсталған.

  • 29 Тамыз 2016
  • 1523
Фото - Caravan.kz

“Ол сол жерде жүріп, балаларға жыныс мүшесін көрсетті. Сосын кішкентай қызды алып кетпекші болды. Оны көрші тұрғын көріп қойған еді. Қыз үлгеріп қашып шығып, подъездге кіріп кетті”, – деп жазды Фейсбуктағы парақшасында Юлия Шаповалова.

Сол маңда ойнап жүрген басқа баланың да әкесі бұл жағдайға куәгер болған.

“Ол кісі әлгі ер адамды ұстап алды. Біз полиция шақырып күтіп тұрдық. Күдіктіні алып кетті. Ол маған есі сау адам емес болып көрінді”, – дейді Шаповалова.


Елімізде қазіргі таңда педофилдер дауы өршіп тұр. Бұған дейін Ақтау қаласында да жантүршігерлік жағдай орын алған еді. Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Соңғы жаңалықтар