Алматыда көлік жүргізушілеріне шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік жүргізушілеріне шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ құрықталды

Алматыда көлік жүргізушілеріне шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ құрықталды

Алматы қалалық ІІББ қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері жеке тасымалмен айналысушы көлік жүргізушілеріне шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәлімет бойынша, қылмыстық топ бір көлік жүргізушісін өлтіру және бес бірдей қарақшылық шабуыл қылмыстарына қатысқан.

Полиция ақпаратына сүйенсек, топ мүшелері қарақшылық шабуыл әрекеттерінің жақсы ойластырылған қитұрқы амалын тауып алған. Қылмыстық топтың бірнеше мүшесі көлікті тоқтатып, жүргізушіден белгілі бір жерге жеткізіп тастауды өтінеді, ал барған жерде оларды топтың қалған мүшелері тосып алады. Жүргізушіні байлап-матап, соққыға жығып, дүние-мүлкі мен ақшасын тонап алғаннан кейін көлік пен жүргізушіні қылмыс орнында қалдырып іздерін жасырып отырған.
Қылмыстық топ ең соңғы осындай қылмысты 2004-жылдың 25-қаңтарында жасады. ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сол күні «Ұлжан» және «Шаңырақ» ықшамаудандарының ортасындағы жырадан соққыдан мерт болған 29 жастағы жігіттің мәйіті табылған. Жітіт жатқан жерге таяу маңда оның «ВАЗ-21099» автокөлігі тұр екен. Полиция бұл қылмысқа бұған дейін де осы ауданда көлік жүргізушілеріне шабуыл жасаумен айналысқан қылмыстық топтың қатыстылығын анықтады.
Жедел іздестіру шараларының барысында 23-25 жас аралығындағы 6 адамнан құралған қылмыстық топ қолға түсті. Олардың барлығы да Алматыға осы облыстың Сарқанд ауданынан келген көрінеді.
Қазіргі жағдаймен қалмыстық топтың барлық мүшесі бірдей жасаған істерін мойындап, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар