Өрт сөндірушілер 50 адамды, оның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге көшірді.
«Өрт туралы хабарлама 11:36-да түскен. Бірінші келіп жеткен бригада 3-4-ші қабаттағы балкондар өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт сөндірушілер көмірқышқылгазынан уланудан 50 адамды, соның ішінде 15 баланы құтқарды. Өрт 11:50-де сөндірілді. Абырой болғанда, қызыл жалын 3 шаршы метрден ары аспаған», — деді А.Дүйсен.
Оқиға орнында 17 адам жұмыс жасап, 6 арнайы техника жұмылдырылды. Дәл қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

