Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталғаны рас па?

Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталғаны рас па?

Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды ма?

  • 12 Ақпан 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирустың жаңа штамына қатысты ақпаратты бөлісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Журналистер эпидемиологтан "Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды ма?" деп сұрады.   

"Бүгінде Алматыда КВИ-дің жаңа штамы анықталған жоқ. Коронавирустың жаңа штамы пандемияның жаңа толқынына себеп болу ықтималдығы өте төмен, себебі вирус қайтадан өзгермейді, әсіресе дүние жүзі бойынша жаппай вакцинация басталып жатыр", — деді Әсел Қалықова. 

Еске салайық, бұған дейін Әсел Қалықова Алматыда эпидемиологиялық ахуал 
нашарлағанын
 айтқан болатын.