Алматыда мамандар табиғатты тұтынуға байланысты нормативтік базаны жетілдіру мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мамандар табиғатты тұтынуға байланысты нормативтік базаны жетілдіру мәселелерін талқылайды

Алматыда мамандар табиғатты тұтынуға байланысты нормативтік базаны жетілдіру мәселелерін талқылайды

Алматыда 25-шілдеде Қазақстандағы табиғатты тұтыну саласындағы заңдарды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы басталды.

  • 25 Шiлде 2003
  • 417
Фото - Caravan.kz

Отырыста экологиялық қатерлі қызмет түрлеріне лицензия беру, экологиялық жобалау және норма белгілеу жұмыстарына лицензия беру, сондай-ақ, осы бағытта шешімдер шығарудың халықаралық тәжірибесі қатарлы мәселелер сарапқа салынбақшы. Қазақстанның тұрақты даму мақсатындағы табиғатты тұтынушылар қауымдастығы мұрындық болған бұл отырысқа қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен әртүрлі кәсіпорындар өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Мемлекеттік табиғат қорғау саласын тұрақты дамытудың айрықша маңызды алғы шарттарының бірі — кәсіпорындар іс-қызметіне халықаралық стандарт талаптарын енгізу екендігі отырыста ерекше атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар