Жарияланды: 600

Алматыда «Мәуреннахрдағы Иран мәдениеті мен өркениеті» атты конференция өтіп жатыр

Алматыда «Мәуреннахрдағы Иран мәдениеті мен өркениеті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Шараның ұйымдастырушылары - Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі, М.Әуезовтың мұражай-үйі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультеті. Конференцияға Қазақстан, Венгрия, Тәжікстан, Ресей, Ираннан 25-ке жуық Иран, көне түркі, парсы мәдениеті мен әдебиетін зерттеуші мамандар қатысуда. «Конференцияның басты мақсаты - ортақ көне мәдениетіміз бен әдебиетімізді жаңа заман тұрғысынан зерттеу, жаңаша ой айту. Сол арқылы достығымыз бен ынтымағымызды арттыру», - деді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Горбан Сейфи. Конференция барысында Көне парсы тіліндегі ақындар шығармашылығы, мыңжылдан бұрынғы түркі мен иран мәдениеті, Мәуреннахрдың ғалымдары, Орталық Азия мемлекеттеріне Парсы әдебиеті мен мәдениетінің ықпалы, Қазақстан мен Иран мәдени байланыстары тақырыптары талқылануда. Конференция баяндамалары арнайы жинақ болып шығарылып, ұсыныстар қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдарына жіберілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін