Алматыда мектептің аумағында сынап құйылған ыдыс табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектептің аумағында сынап құйылған ыдыс табылды

Алматыда мектептің аумағында сынап құйылған ыдыс табылды

АЛМАТЫ. 26 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда орта мектептің аумағында сынап құйылған ыдыс табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Шiлде 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сынап құйылған контейнер №135 мектептің артқы ауласынан табылған. «Кофе салуға арналған 0,5 литрлік әйнек ыдыста 30 мл көлеміндегі сынап пен тиындар болған», — деп хабарлайды мекеме.

Құтқару ықзметінің мәліметінше, сынап құйылған контейнер полиэтилен дорбаларға салынып, жою үшін алынды. «Сынап буының концентрациясы шектеулі шамадан аспайды, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті