Алматыда мемлекеттік-жеке серіктестік туралы конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мемлекеттік-жеке серіктестік туралы конференция өтеді

Алматыда мемлекеттік-жеке серіктестік туралы конференция өтеді

Алматыда 10-маусым күні І «Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталатын конференция болады.

  • 9 Маусым 2011
  • 682
Фото - Caravan.kz


Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасудың ашық сұхбат алаңы болады деп отырған бұл шараны «Interconsult info» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырып отыр. Онда — «Ішкі капитал нарығы мүмкіндіктері», «Жеке бизнестің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жобаларына қатысуы — талаптар, бағалау, әрекет», «Инфрақұрылымдық жобалардағы зейнетақы қорларының инвестициясы», «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары: тәуекелдер, пайда, тиімділік», «Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерінің «өнімдер желісін» кеңейту», «Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы мемлекет пен жеке бизнестің өзара әрекеттестігі элементі ретінде» деген тақырыптар талқыға түседі деп жоспарлануда.