Алматыда мереке күндері 105 қылмыс тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мереке күндері 105 қылмыс тіркелді

Алматыда мереке күндері 105 қылмыс тіркелді

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Алматыда мереке күндері 105 қылмыс тіркеліп, оның 71-і әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл күндері «ОСА» тапаншасын қолдану арқылы жасалған қылмыстар саны көп тіркелді. Атап айтсақ, «мереке түні араққа сылқия тойып алған екі алматылық ірі мейманхана кешенінің үш күзетшісіне шабуыл жасап, оларға «ОСА» тапаншасынан оқ атқан», деп хабарлайды тәртіп сақшылары. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметінің бастығы ішінен, қалған екі күзетші аяқтарынан жараланған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңжал кезінде кешенде болған адамдар полицияға хабар берген. Шабуылшыларды «Боран-101» патруль жасағы қолға түсірді. Жараланған күзетшілер ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында мәлім болғанындай, барда отырған екі жігіт өзара төбелесіп қалған, ал қонақүй кешенінің қауіпсіздік қызметі бұзақыларды ажыратуға тырысқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті