Алматыда метро құрылысшыларының халықаралық конференциясы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда метро құрылысшыларының халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Алматыда метро құрылысшыларының халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Бүгін Алматыда елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Метро» қауымдастығының халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

  • 9 Маусым 2011
  • 333
Фото - Caravan.kz

Оған 20-дан астам Метрополитен және аралас ұйымдардың басшылары қатысуда. «Конференцияда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қозғалысқа қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен техникалық құралдарды қолданысқа енгізу мәселелері талқыланады. Алқалы жиын аясында «Метро» қауымдастығының өкілдері Алматы метрополитеніне саяхат жасап, жаңа техникалық жасалымдар мен технологияларды енгізудегі қазақстандық тәжірибемен танысады»,-дейді Метрополитен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Мұрат Өкшебаев.

Жалпы, халықаралық «Метро» қауымдастығы 1992 жылдың ақпан айында құрылған. Ол Кеңес одағы құлағаннан кейін метрополитен мамандары арасында үзіліп қалған қарым-қатынасты кәсіптік орган құру арқылы қалпына келтіруді көздеген болатын. Бүгінгі таңда «Метро» қауымдастығы Халықаралық қоғамдық көлік одағының мүшесі болып табылады. Бұл қауымдастық құрамына кіретін ұйымдарға жолаушыларды тасымалдау саласындағы озық тәжірибелерді зерттеп, енгізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар