Алматыда миллион доллардың есірткісі өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда миллион доллардың есірткісі өртелді

Алматыда миллион доллардың есірткісі өртелді

Алматыда миллион доллардың тауары көпшіліктің көз алдында отқа оранды. Қара нарықта құны осынша тұратын «спайс» атты есірткіні заң органдарының өкілдері өртеп жіберді.

  • 28 Мамыр 2015
  • 232
Фото - Caravan.kz

Қытайдан тасымалданып, кеден бекетінде қолға түскен тауардың жалпы салмағы 30 келі. Бұл есірткілер өткен жылдың соңында және биыл қолға түскен. Ақ ұнтақ немесе түйіршік күйіндегі спайстарды адамдар ғаламтормен тапсырыс беру арқылы алдырған. Негізі, заң бойынша спайс есірткі боп саналмайды. Сондықтан оны алушылар қылмыстық жауапқа тартылмай келеді екен. Алайда оның адам денсаулығына зияны кәдімгі героиннің өзінен 6 есе жоғары.

Ғалымжан Қадырханұлы, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры:

-Бұл улы заттар негізі Қытайдан алынған. Кеденде алынып отыр. Бұл заттардың көлемі миллион долларға дейін барады.