Жарияланды: 420

Алматыда мұнай және газ жөніндегі ақпараттық ресурстар орталығы ашылды

Алматыда мұнай және газ жөніндегі ақпараттық ресурстар орталығы ашылды, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Жобаны ұйымдастырушы "ШевронТексако компаниясы мен Ұлттық кітапхана өкілдерінің айтуынша, аталмыш салалардың Қазақстан экономикасы мен оның дамуында иемденетін айрықша маңызына және осы тақырыптағы ақпаратқа деген қызығушылықтың тұрақты арта түсуіне байланысты осындай орталық ашылып отыр. Жобаның мақсаты студенттер, ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер мен мамандар секілді мүдделі топтарға мәліметтер сақтау және таратудың озық технологияларын пайдалана отырып мұнайгаз тақырыбы бойынша толыққанды әрі жедел ақпарат беру болып табылады. Орталық Интернет желісі арқылы әлемдік ақпараттар ресурсына және басқа да түрлі мәліметтер жинағына шығуға жол ашатын арнаулы залда орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін