Алматыда мыңдаған адам еліміздің əнұранын шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мыңдаған адам еліміздің əнұранын шырқады

Алматыда мыңдаған адам еліміздің əнұранын шырқады

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағында мыңдаған адам ҚР мемлекеттік əнұранын хормен шырқады.

  • 4 Маусым 2015
  • 690
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік рəміздер күніне орай ұйымдастырылды.

"Ұлттық нышан дегеніміз құр салына салынған сурет емес. Ол кез-келген мемлекеттің ұлттық белгілері, ол тəуелсіздік пен бостандықты білдіреді. Мемлекеттік рəміздер құндылықтардың бірігуін бейнелейді. Өз туына, елтаңбасына, əнұранына деген құрмет ұрпақтан ұрпаққа беріліп, елдің тарихи тұтастығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік рəміздер халықты ерлікке баруға, ел жолында өз өмірін құрбан етуге ұмтылдырған. Ол жөнінде адамзат тарихында сақталған тарихи деректер жетерлік", — деді қала басшысы Ахметжан Есімов. 

Қала басшысы тəуелсіздік жылдарында қазақ елінің əнұраны, елтаңбасы, туы шаршы əлемге таныла бастағанын жеткізді.

"Қазақстанның көк байрағы ірі халықаралық ұйымдардың төбесіне тігілді, ғарышқа сапарлап, əлемнің ең биік шыңдарынан желбіреді. Еліміздің мерейлі əнұраны көптеген халықаралық ареналарда шырқалып жүр",- деді əкім.


Салтанатты шара соңында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

null null null null null null null null