Алматыда НАТО-ның бас хатшысы Қазақстанның ресми өкілдерімен жүздесуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда НАТО-ның бас хатшысы Қазақстанның ресми өкілдерімен жүздесуде

Алматыда НАТО-ның бас хатшысы Қазақстанның ресми өкілдерімен жүздесуде

Алматыда НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсон Қазақстанның ресми өкілдерімен жүздесуде,- деп хабарлайды ҚР СІМ.

  • 10 Шiлде 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бүгін түске дейін Джордж Робертсонның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратовпен, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен, ҚР ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаевпен, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділовпен кездесулері межеленген.

Сондай-ақ, НАТО-ның бас хатшысы бүгін түс қайта ҚР Ұлттық Ғылым академиясында дәріс оқиды.
Сапар аясында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» және «Ғылым-бейбітшілік игілігі үшін» бағдарламалары аясындағы НАТО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тақырыбы, осындай байланыстарды болашақта дамыту жолдары мен төтенше жағдайларды жоспарлау жөнінде талқыланбақ.
Орталық Азия аймағын аралау барысында Қазақстанға да жолы түскен Джордж Робертсонның бұл НАТО-ның бас хатшысы ретінде елімізге екінші келуі.

Соңғы жаңалықтар