"Астана" алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, Атлеттер ауылында, Almaty Arena алдындағы алаңда және барлық аудандарда дәстүрлі ас мәзірінен дәм татуға болады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы базарлары да "Наурыз-2018" мейрамын кеңінен атап өтеді. Қаланың 46 базары 20 наурыздан 21 сәуірге дейінгі бір айға жуық аралықта ұлттық мерекені тойлайды. Осы кезең ішінде қала тұрғындары мен қонақтарына тегін наурыз көж, палау мен бауырсақ беріледі. Бұлардан өзге, ұлттық спорт сайыстары мен мерекелік көрсетілімдер ұйымдастырылады. "Наруыз мейрамын 46 базар өз алаңдарында 2 рет — 22 наурыз бен ай ішіндегі бір күнде ұйымдастырады. Базарлардың барлығы 8 тонна наурыз-көже, 25 мың тонна палау, 12 тонна баурысақ дайындайды", — деді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновация даму басқармасы. Бұлардан өзге, мерекелік құттықтауға қаланың барлық мейрамханалары да қатысады. Қоғамдық тамақтану орындарының барлығында Наурыз Мейрамы арнайы ас мәзірі жасалып, ол бір ай бойына жүретін болады. Еске салсақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық ас тағамдарын әзірлеу бойынша тақырыптық фестивальдер ұйымдастырылады.
Ұқсас тақырыптар: