Алматыда Наурызбай ауданының балаларына ваучерлер табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Наурызбай ауданының балаларына ваучерлер табыс етілді

Алматыда Наурызбай ауданының балаларына ваучерлер табыс етілді

Алматыда ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы мен Наурызбай ауданының әкімдігі

  • 25 Тамыз 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz


жергілікті әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балаларға арнап «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 

Өз сөзінде қоғамның алматылық филиалының директоры Гүлнар Көпбосынова елімізде гуманитарлық көмек көрсетудің жаңа түрі — ваучер, яғни кепілхат табыстау жүйесі қолданылып жатқанын жеткізді. 
«Мұндай шараны біз екінші рет қолданып жатырмыз. Бірінші рет Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету барысында қолданылған болатын. Сонымен, 325 балаға жас мөлшерлеріне қарай атаулы құны 7 500 және 10 000 теңге болатын ваучерлер табыс етіледі. Ваучерлердің жалпы сомасы 2 700 000 теңгені құрайды. Айта кеткен жөн, бұл кепілхаттар №192 мектептің алдында орналасқан дүкеннен қажетті кеңсе тауарларын, мектеп сөмкесін және оқушы формасын сатып алуға мүмкіндік береді», — деді Г.Көпбосынова. 
Оның айтуынша, Қызыл жарты ай қоғамы мұндай жобаны қолданып отырған бірінші ұйым. Бұл көмек көрсету шарасы азаматтардың, кәсіпорындар мен компаниялардың Наурызбай ауданының тұрғындарына арнап жіберген қаржыларының арқасында жүзеге асып отыр.

Соңғы жаңалықтар