Алматыда нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басты

Алматыда нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басты

  • 9 Маусым 2015
  • 591
Фото - Caravan.kz

Тұрғындардың әлеуметтік желілерде жазуына қарағанда, әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесі қиылысындағы жолайрықты су басып, көлік кептелісі туындаған. Райымбек даңғылының Бөкейханов көшесімен, Сейфуллин даңғылымен қиылыстарындағы көпірлердің маңында да су жиналып, көлік қозғалысына қиындық тудырған.

8 маусымда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 9 маусымда нөсер жауыннан Алматы облысының жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болып, сел жүру қаупі барын ескертіп, тұрғындарды таулы аймақтарға бармай қоя тұруға шақырған.


"Қазгидромет" мекемесінің болжамынша, бүгін Алматыда және Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашын болады, — деп хабарлайды http://today.kz/ сайты.