Жарияланды: 390

Алматыда өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланды

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде 20 қыркүйекте сағат 23.35-те 2 және 6 қабаттар аралығындағы кабельді шахта 30 шаршы метр аумақта өртенді. Соның салдарынан 11, 7 және 3 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының көмегімен 21 қыркүйекте 02 сағат 56 минутта сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть