Жарияланды: 700

Алматыда Орталық Азия елдерінің ғылым және білім беру салаларын ақпараттандыру мәселесіне арналған конференция басталды

Бүгін, 13-қарашада Алматыда "Орталық Азия елдерінің ғылым және білім беру саласының компьютерлік желілерінің Ұлттық қауымдастықтарының өзара интеграциялануы " деген тақырыпта халықаралық конференция басталды.

Бұл шара Орталық Азия және Закавказье елдерінің ғылым және білім беру саласын қолдауға бағытталған Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымының Ғылыми Кеңесінің "Желідегі жібек жолы" атты халықаралық жобасының жалғасы болмақ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Еліміздің ғалымдары бұл жобаға бірнеше жылдан бері белсене атсалысып келеді. Жобаны жүзеге асыру барысында 2003-жылдың күзінде Қазақстанның ғылым және білім беру саласының ұлттық компьютерлік желісі КАЗРЕНА құрылды. Желінің басты мақсаты - еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне шығауға жағдай жасау болып табылады. Екі күнге созылатын бас қосуға қатысушылар Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ғылым және білім беру саласының компьютерлік желілерінің қазіргі ахуалы, тауқыметтері мен болашағы туралы, компьютерлік желілердің университеттермен және академиялық институттармен өзара ықпалдастығының тиімді тетіктерін қалыптастыру жолдарын талқылайды. Сондай-ақ, конференцияда ТМД елдерінің ұлттық ғылыми және білім беру саласындағы компьютерлік желілерін өзара біріктіру жолдары, оларды жалпыдүниежүзілік компьютерлік білім беру желісіне интеграциялау мәселелері талқыланбақшы. Оған Орталық Азия және Кавказдың арғы бетіндегі елдердің ғылым және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ, АҚШ, Батыс Еуропа және Түркиялық сарапшылар қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін