Алматыда орталық көшеде жолбарыс жетектеген адам елдің зәресін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда орталық көшеде жолбарыс жетектеген адам елдің зәресін алды

Алматыда орталық көшеде жолбарыс жетектеген адам елдің зәресін алды

Алматыда Арбат демалыс орнында тапа-тал түсте жолбарыс жетектеген ер адам жұртты шошытты. Осынау сәтті телефон камерасына түсіріп алған куәгер видеоны желіге жүктеген.

  • 3 Тамыз 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Арбат қала тұрғындарының көпшілігі балаларымен серуендеуге келетін демалыс орны. Жыртқыш аңды сескенбестен көпшілік жерде жетектеп жүрген ер адам осында демалып жүрген жұрттың құтын қашырды, деп жазды sn.kz

Бейнежазбада демалыс орнында үлкендер ғана емес, кішкентай балалардың жүргенін де аңғаруға болады. Алайда, жыртқыш аң жүрген маңға ешкім жоламаған.

Жолбарыстың аузы тұмшаланбаған, яғни қоғамдық орында жыртқыштарды ұстау ережесі сақталмаған. Оның иесін полицейлер жауапқа тарта ма, жоқ па — ол жағы белгісіз.


Telegram-каналға
жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Соңғы жаңалықтар