Алматыда базарда өрттің шығуы салдарынан жұмыссыз қалғандардың басым бөлігі жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады қала әкімі Ахметжан Есімов.
"Біз жұмыссыз қалған 280 адамға жұмыс тауып береміз деп уәде еттік, оның 210-жұмысқа тұрды", деді А.Есімов Алматыда сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Әкім атап өткендей, қалада жұмысқа тұрамын десе, мыңдаған жаңа жұмыс орны бар.
Оның айтуынша, осы күнге дейін бірде-бір жеке кәсіпкерден несие төлеуді кейінге қалдыру туралы банкке өтініш түспеген.
Алдында хабарланғандай, Алматыда базарда өрт 13-қыркүйек күні болған, 300 -ден аса бутик өртенген.