Жарияланды: 400

Алматыда өрттен 10 адам зардап шекті

Алматыда өрт салдарынан 10 адам, соның ішінде 6,7 және 10 жастағы үш бала түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт "Энергетик" бағбандар қоғамына қарасты үйде шыққан. Өрттің шығуына көмір жағатын пешті тұтыну барысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу түрткі болған. Өрт тұтана бастаған сәттен бастап үш сағатта өшірілді. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін