Жарияланды: 470

Алматыда полиция қызметкерлері жауынгерлік граната мен жарылғыш зат алып жүрген екі адамды ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері жауынгерлік граната мен жарылғыш зат алып жүрген екі адамды ұстады,- деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметі. Агенттік мәліметі бойынша, ұсталған адамдардың бірінен тұтандырғышы бар РГД-5 жауынгерлік гранатасы тәркіленсе, екіншісінен ИМ-85 жарылғыш заты мен өндірістік электр детонаторы табылды. Жарылғыш зат тәркіленіп, әскери бөлімшедегі әскери саперлерге табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін