Алматыда полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтеді

Алматыда полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтеді

Астана. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 30-қарашада полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының ІІМ баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 442
Фото - Caravan.kz

«30-қарашада Ішкі істер министрлігі Алматыда полицияның іс-қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төртінші отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Жоспар бойынша басты тақырып азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін талқылау болады»,- деп хабарлады Бағдат Қожахметов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, кеңес отырысына Қазақстанның Азаматтық альянсының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі орталықтың өкілдері, сонымен қатар мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Баймағамбетов қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті