Алматыда психиатрлық ауруханадан қашқан науқас ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда психиатрлық ауруханадан қашқан науқас ұсталды

Алматыда психиатрлық ауруханадан қашқан науқас ұсталды

Алматыда психикалық ауытқулар ауруханасынан қашып кеткен науқас ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2016
  • 537
Фото - Caravan.kz

"12.08.2016 жылы сағат 02.30-да Алматы ІІД-нің өкілдері Психикалық ауытқулары бар жандарды емдеу орталығынан қашып кеткен Алматы қаласының азаматы Қожамбетов Қанат Жанатұлы ұсталды. Ол 1982 жылы туған, созылмалы шизофрения ауруымен ауырады. Ер адам Медеу ауданында ұсталды", — деді полициядағылар.

Еске салайық, Қожамбетов Қанат Жанатұлы 10 тамызда шамамен сағат 19.00-де қашып кеткен. Алматы қаласының Психикалық ауытқулар орталығынан директоры Қуаныш Алтынбековтың айтуынша 34 жастағы емделуші ауруханада өз еркімен емделген.