Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, тек соңғы тәулікте заңсыз қару сақтау мен алып жүруге қатысты бес дерек тіркелген. Атап айтқанда, Алмалы ауданында жедел қызметкерлер қаланың 29 жастағы тұрғынын құрықтаған, одан әскери оқ ату үшін қайта жасалған «Домино» газ тапаншасы тәркіленген.
«32 жастағы Алматы тұрғынынан «Белка» атты қосауыз аңшы мылтығы табылған. Жетісу ауданында жедел қызметкерлердің көзіне 22 жасар жігіт түскен, оған тінту жүргізу кезінде 12 мм калибрлі шолақ мылтық тәркіленді»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ «олардың барлығынан қолхат алынған».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті