Жарияланды: 390

Алматыда қарулы шабуыл нәтижесінде 17 жасар жасөспірім өліп, оның әкесі ауыр жарақат алды

Алматының 7-ші клиникалық ауруханасында 17 жасар жасөспірім есіне келмей, экспедитор-жүргізуші болып жұмыс істейтін әкесінің автокөлігіне жасалған қарулы шабуылда пышақтан алған жарақаттан көз жұмды.

Құқық қорғау органындағы дереккөздің айтуына қарағанда, қарулы шабуылды қарақшылар экспедитор мен оның ұлына бейсенбі күні кешкі сағат 19-20 аралығында Әуезов ауданындағы «Жетісу-2» ықшамауданында жасалған. Экспедиторда ірі сомадағы ақшаны алмақшы болған қарақшылар, қарсылыққа душар болып, оларға пышақ сала бастаған. Бір сағаттан кейін ауруханаға әкесімен бірге жеткізілген жігіт аурухананың қабылдау бөлімінде есіне келмей көз жұмды. Оның 46 жасар әкесі ессіз күйде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол ішінен пышақпен жарақаттанған. Бір болжам бойынша қылмыс біреудің «сілтемесімен» жасалған, деді сұхбатшымыз. Қарақшы күдіктілерді полициядағылар әзірге анықтай алмай отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін