Алматыда қаржы полициясының 23 қызметкері аттестациядан сүрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаржы полициясының 23 қызметкері аттестациядан сүрінді

Алматыда қаржы полициясының 23 қызметкері аттестациядан сүрінді

Кезектен тыс мемлекеттік аттестациядан Алматы қалалық қаржы полициясының 23 қызметкері сүрінді. Осылайша республикадағы ең көп маман шоғырланған департаменттің 10 пайызы жаңартылатын болды.

  • 28 Тамыз 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

26 шілдеден 28 тамызға дейін өткізілген аттестацияның бірінші кезеңінде 216 полицей тексерілген. Бірақ олардың барлығы міндетті сынақтардан өте алмаған. Мүмкіндіктеріне сенбегендер өз еркімен жұмыстан босату жайлы өтініш білдірген. Ал аумақтық аттестация бойынша 23 қызметкер  лауазымына сай келмейтіні анықталды. Тағы 14 маман аттестация қорытындысына сәйкес басқа қызметке ауыстырылмақ. Ал 22 адамның қызметі төмендетілетін болады. Бір қызығы қаржы полициясындағы қызметкерлердің көпшілігі ешқандай жасырмастан жеке бизнесін жүргізіп отырыпты.


Әмірхан Аманбаев, аймақтық аттестациялау комиссиясының төрағасы:

Кезектен тыс аттестация кезінде біз жан-жақты тексердік, бүкіл қызметкерлерді. Қай жылдан бері істеп жатыр. Көбісінің жұмысқа кірер алдында өздерінің құрған фирмалары болатын. Көбісі студенттік кезде құрған. Сонысы қалып қойған. Олар басқа адамға беруі керек болатын нотариус арқылы. Бірақ осы жұмыстар атқарылмаған.

Соңғы жаңалықтар