Алматыда қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан араластырғыш-бункерді тазалап жүрген жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан араластырғыш-бункерді тазалап жүрген жұмысшы мерт болды

Алматыда қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан араластырғыш-бункерді тазалап жүрген жұмысшы мерт болды

Алматыдағы "Хуасин" ЖШС-де қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан араластырғыш-бункерді тазалап жүрген 29 жастағы жұмысшы, оралман жігіт мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 436
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, «Хуасин» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігінің ең қарапайым талаптарының өзі орындалмай келген. Қайғылы оқиға кәсіпорын басшылығының тапсырмасымен жұмысшы араластырғыш-бункердің ішіне түсіп тазалауға қамданған кезде болды. Қондырғы тоқтан ажыратылмау салдарынан жұмысшы ішіне түскен кезде автоматты іске қосылған.

«Хуасин» ЖШС пластик материалдан есік және терезелер жасаумен шұғылданады. Өндірістік кәсіпорынның қожайындары қытайлық кәсіпкерлер көрінеді. Ал қаза тапқан жұмысшы Қазақстанға жуырда келген Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілі, ҚХР азаматы. Жігіт кәсіпорында жасырын жұмыс істеп жүрген.
Қазір оқыс оқиға орнында прокуратура, аудандық ІІБ, еңбек қорғау департаменті, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының жанындағы мемлекеттік техникалық инспекциясының өкілдері жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар