Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Спортшы шетелде иығына ота жасатқанын айтты.
“Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет!
Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.
Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға — келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын”, — деп жазды ол.
Аталмыш жазбаға желі қолданушылары мен спортшының жанкүйерлері түрлі пікір жазуда.
”Алла күш қуат берсін”, “Сізбен біргеміз”, “Тезірек жазылып, оралыңыз”, “Спорт деген оңай емес, мықты болыңыз”, — деп жазды олар.