Алматыда Қазақстан әлеуметтанушыларының IV конгресі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан әлеуметтанушыларының IV конгресі өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан әлеуметтанушыларының IV конгресі өтіп жатыр

Алматыда "Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңаруы: жетістіктері, мәселелері мен келешегі" деген тақырыппен Қазақстан әлеуметтанушыларының IV конгресі өтіп жатыр.

  • 24 Маусым 2011
  • 605
Фото - Caravan.kz

Шараға өз елімізбен қатар, Украина, Беларусь, Қырғызстан елдерінің әлеуметтанушылары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қала әкімдігінің, сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларынан келген ЖОО-ның өкілдері қатысуда. Аймақтардан келген қатысушылардың санымен қосқанда конгреске 120 адам қатысуда.

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Марат Тәжиннің айтуынша, конгресс ел тәуелсіздігі 20 жылдығына дайындық аясында, ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

«Қазіргі таңда Қазақстанда өте жоғарғы деңгейде әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде, болжамдар да нақты жасалынуда. Соңғы сегіз жылда әлеуметтік зерттеулерге қатысушылардың саны екі есеге артты, сауалнамаларға сенім 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті. Қазақстандықтардың 2/3 зерттеулерді пайдалы деп санайды»,-деді Марат Тәжин.

Бүгін конгреске қатысушылар әлеуметтік жаңарудың өзекті мәселелерін, қоғамның әлеуметтік жаңаруындағы тілдерді дамыту бағдарламасын, ЖОО-ның рөлін, Қазақстандағы еңбек миграциясы, Қоғамның жаңғыру тұрғысындағы қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйлері сынды осы және өзге де сұрақтарды талқылауда.

Бүгін шара соңында «Қазақстандық әлеуметтанудағы танымал тұлғалар» атты толықтырылған екінші кітаптың таныстырылымы өтеді.

Шара қорытындысы әлеуметтанушылар қауымдастығының «Әлеуметтану-Sociology» атты журналының арнайы санында жарық көретін болады.

Ертең, конгрестің екінші күні елімізде тұңғыш рет Қазақстан жас әлеуметтанушыларының Бірінші форумы өтеді.

Соңғы жаңалықтар