Алматыда Қазақстан философтарының бірінші конгресі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан философтарының бірінші конгресі өтеді

Алматыда Қазақстан философтарының бірінші конгресі өтеді

«Отандық философиялық ой неге қол жеткізді, оның қазіргі басымдықтары қандай, философиялық білім қайда және қалай дамып жатыр, оның практикалық мәні неде?» - осы және басқа да сұрақтар 27-28 қыркүйек күндері Алматыда өтетін Қазақстан философтарының бірінші конгресінде талқыға түседі.

  • 25 Қыркүйек 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Конгрестің ұйымдастырушысы — ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты. Форум барысында өтетін негізгі шара: «Қазіргі замандағы философия: даму стратегиясы» деген тақырыптағы конференция. Жиын барысында тек маңызды теориялық мәселелер ғана емес, сонымен бірге, жоғары оқу орындарында философия мен философия пәндерін оқытудаға өзекті мәселелер, әлеуметтік-философиялық, мәдени, саяси және діни зерттеулердің практикалық тәжірибесі талқыланады.

Ұйымдастыру комитеті мүшелеренің атап өтуінше, форумда сонымен бірге, ғалымдардың жаңа қоғамдық ұйымы — Қазақстан философиялық Конгресі құрылады.


Форум қатысушылары мен қонақтарына «Қазақстан философиясындағы белгілі адамдар» атты анықтамалық таныстырылады. Тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, философияны оқытудың тәжірибесі мен ең соңғы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелері көпшілік назарына ұсынылады.