Атап айтқанда, ішкі саяси тұрақтылық, қазақстандық қоғамды әлеуметтік және саяси қайта жаңғырту, мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму мәселесі сараланады. Қазақстандық және әлемнің беделді сарапшылары бас қосатын жиында Қазақстанның XXI ғасырдағы дамуы, экономиканы қайта жаңғырту, мемлекет дамуының проблемалары мен болашағы да басты назарда болмақ. Конференция аясында «Тәуелсіздікке 20 жыл» атты ұжымдық монографиялық еңбектің тұсауы кесіледі.
Дәстүрлі конференцияның ұйымдастырушылары — Алматы әкімдігі мен ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ.