Жарияланды: 540

Алматыда ҚР жұмыс берушілер Конфедерациясының YI ассамблеясы өтуде

Алматыда ҚР жұмыс берушілер Конфедерациясының YI ассамблеясы өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Ассамблеяға жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер, парламент депутаттары мен түрлі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысуда. Онда ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова, ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Нұралы Бектұрғановтар баяндама жасайды. Ассамблеяда ҚР жұмыс берушілер Конфедерациясының өткен жылғы жұмысын қорытындылау, болашақ жұмыс бағыттарын айқындау, Конфедерация жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды, басқармалар бюросы мен бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту, Конфедерацияға жаңадан 4 мүше қабылдау жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін