Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Соттың негізгі талқылауы 18 қаңтарда өтті.
"Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық істі қарайды", — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
"Мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" бабының санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушы адамдарды соққыға жығу керек екенін айтқан болатын.