Жарияланды: 540

Алматыда қылмыстық үдерісті реформалау туралы заң жобасы талқыланды

Бүгін Алматыда «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр.

Оны ҚР Прокуратурасы, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, «Адам құқы хартиясы» қоғамдық қоры бірігіп ұйымдастырып отыр. «Бізде әлі күнге дейін қылмыстық іс жүргізуде кеңестік ескі қылмыстық іс жүргізу қағидалары сақталып қалған. АҚШ және Еуропа елдерімен салыстырғанда кішігірім қылмыстарда іс жүргізу ұзаққа созылып, кейде жыл бойы қаралып жатады. Сондықтан сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізуді реформалаудың қажеттілігі туындау отыр. Оны жеңілдету мен оңтайландыру үлгісі Әкімшіліктік реформалау және Құқықтық саясат Кеңесіндегі ведомствоаралық жұмыс тобының комиссиясында мақұлданды. Бұл ұсыныс менің ойымша, қылмыстық іс жүргізуді жеделдетіп, құқық қорғаудың тұғырнамалық негізін бұзбастан түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді», - дейді ҚР Бас Прокурорының орынбасары Иоган Меркель. Оның айтуынша, бұл тақырып өзектілігімен қоғам назарын өзіне аударып отыр. Басқосуға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігінің, Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары мен ғалымдар қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть