Алматы қалалық прокуратурасының хабарлауынша, жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірқатар қылмыстық іс қозғалып, шетелдік жұмыс күшін пайдалануға берілген 700-ден астам заңсыз шешім күшін жойды.
Сонымен қатар, көші-қон органдарында жұмыс істейтін 20 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылған. Аудандық көші-қон қызметінде үш бірдей басшы жұмыстан босатылды.