Алматыда қыздардың еркекше тепкілесі жұрттың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыздардың еркекше тепкілесі жұрттың жағасын ұстатты

Алматыда қыздардың еркекше тепкілесі жұрттың жағасын ұстатты

Еркекше тепкілескен қыздар. Әлеуметтік желіге салынған  бойжеткендердің төбелесі  елді елең еткізді. Ерсі қылыққа барған  қыздар  Алматыдағы белді бір оқу орнының студенттері көрінеді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

  • 15 Желтоқсан 2014
  • 598
Фото - Caravan.kz

Қыздар әлденеге сөзге келіп қалса керек. Сөйтіп, күші басымы әлсізін аяғының астына басып, жұдырықтай жөнелген. Арасында, бірін бірі жеті атасына дейін жеткізіп балағаттап та жатыр. Ал өзгелері телефондарына түсіріп мәз-мейрам. Ғаламторға салынып  жазылған ақпарға қарағанда, төбелес 10-шы желтоқсанда Алматыда болған. Жаға жыртысып жатқан 1-2 курстың студенттері екен. Теріс қылығымен танымал болған осы бойжеткендердің ісімен енді полиция айналысуда.  Ал видеоны бір тәулік ішінде 30 мыңға жуық адам көріп үлгеріпті. Қалдырылған  пікірлер де жетіп артылады.

– Ойбай…Мынау сұмдық қой. Масқара. Осылай ете тұра, өздері жігіттерді аялауға шақырады.

– Оларды жазалау керек, тіпті еркектерден бетер төбелеседі екен өздері. Жұдырық сілтесі қандай. Ана қызға қатты тиген шығар.

– Осылар кейін ана атанады ғой, бала тәрбиелейді. Міне, қазақтың болашақ аналары! 

Соңғы жаңалықтар