Жарияланды: 30

Алматыда Раиса Мұхамедиярованы соңғы сапарға шығарып салды

Алматыда Раиса Мұхамедиярованы соңғы сапарға шығарып салды Сурет - Tengrinews.kz

Қоштасу рәсімі 7 қарашада Раиса Мұхамедиярова ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген жас көрермен театрында өтті

Алматыда танымал қазақстандық театр және кино әртісі, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Қоштасу рәсімі 7 қарашада Раиса Мұхамедиярова ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген жас көрермен театрында өтті. Әртісті ақтық сапарға шығарып салуға туыстары, жақын достары мен әріптестері келді. 

Раиса Мұхамедиярова 5 қарашада 81 жасында дүниеден озды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта әртістің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

"Танымал өнер иесінің, театр және кино әртісі Мұхамедиярова Раиса Мәжитқызының қайтыс болуына байанысты көңіл айтамын. Раиса Мәжитқызы көптеген жылдар бойы театр және кинода әр түрлі рөлдерді шебер сомдап, көрерменнің жүрегінен орын тапты. Менің ойымша, оның есімі мен ажары өнерсүйгіш қауымның жүрегінде мәңгі қалады. Топырағы торқа болсын", - делінген Тоқаевтың жеделхатында.  Сенат төрайымы Дариға Назарбаева да көңіл айту жеделхатын жолдаған. Ол әртістің ерекше образдарын атап өтіп, халық жүрегінде мәңгі қалатынын айтты. Сондай-ақ, ол Раиса Мұхамедиярованың туыстарына ұзақ өмір тіледі. 
 

Көңіл айтуға Раиса Мұхамедияровамен ежелден дос болған - режиссер Сатыбалды Нарымбетов келді.

"Ол мен үшін туған әпкемдей болды, біз бірге талай жұмыс істедік. Ол өте тамаша әйел еді, көзіне қарап-ақ оның ұлылығын, ішкі жан дүниесінің мықтылығын байқауға болатын. Оның алдында бас иемін. Сіздердің алдарыңызда да бас иемін", - деді ол. 

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. "Менің атым Қожа", "Песня зовет", "И в шутку и всерьëз", "У подножья Найзатас", "Однажды и на всю жизнь", "Человек-олень" фильмдеріне түскен. 

1964 жылы Раиса Мұхамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шыққан. 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін