Алматыда Республика күніне арналған той шеңберінде жастардың шеруі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Республика күніне арналған той шеңберінде жастардың шеруі өтеді

Алматыда Республика күніне арналған той шеңберінде жастардың шеруі өтеді

25-қазан, сенбіде Алматыда Республика күніне арналған той шеңберінде қаладағы 24 жоғары оқу орны студенттерінің қатысуымен жастардың шеруі ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің мәдениет басқармасынан хабарлады.

  • 24 Қазан 2003
  • 574
Фото - Caravan.kz

Биыл Республика күні «Елім менің» деген ұран астында өткізілгелі отыр. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, мерекелік шаралар қаланың барлық ауданында өткізіледі. Салтанатты шараның негізгі бөлігі Республика алаңында өтеді.

Атап айтсақ, ұлттық мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Елім менің» атты вокальдық-хореографиялық қойылым ортаға салынады. Мерекелік бағдарламаны бұдан кейін фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі мен «Биг-Бенд» джаз оркестрі жалғастырады.
Кешкісін алаңда биылғы түлектерді студенттер сапына қабылдауға арналған «Талапкер-2003» деген тақырыпта жыл сайынғы қалалық жастар фестивалі өтеді.
Той мерекелік от шашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар