Алматыда сәби өліміне себепкер болған әйелдердің соты аяқталуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сәби өліміне себепкер болған әйелдердің соты аяқталуға жақын

Алматыда сәби өліміне себепкер болған әйелдердің соты аяқталуға жақын

Алматыда төрт айлық сәби өліміне себепкер болған әйелдердің соты жақында аяқталуы мүмкін. Өйткені бүгін қайғылы оқиға болғанда көлік тізгінінде кім отырғанын дәлелдейтін видео көрсетілді. Ал сот барысында осы жағы нақтыланбай жатқан еді. Көрсетілген видеода ішімдікке тойып алған Зайра Серікбаева өзінің көлік тізгінінде болғанын мойындайды. Жалпы, сотта куәгерлер әртүрлі жауап беруін доғарар емес. Олардың тағы бірі басында түсініктемені әлдебіреулердің нұсқауы бойынша жазғанын айтты.

  • 28 Тамыз 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл алдымен тізгінде болдым деп, кейін өз сөзінен жалтарып отырған Зайра Серікбаева. 4 ай бұрын болған қайғылы оқиғадан кейінгі сәтті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Естеріңізге салсақ, ащы суға сылқия тойған келіншектер екі көлікті соққан. Бұған,  қоса 4 айлық сәбиді алып жүрген қызды қоса қағып өткен. Мас күйінде рөлге отырған әйелдерге қатысты сот ісі сағызша созылып келеді. Ал бүгінгі отырыста соттан қашып жүрген куәгерлердің бірінен жауап алынды.

Альбина Тохтахунова, куәгер:

— Рөл жақтан жүгіріп шыққан әйелді көрдім. Ол Зайра Серікбаева еді.  Ол жүгіре үйге кіріп кетті. Ал, бұл кезде көліктің ішінде Айгүл Есенбаева қалған болатын.

Куәгер көлікті Зайра Серікбаеваның жүргізгенін айтады. Ал алдыңғы сот отырысында оқиғаны өз көзімен көрген Шаугүл Әбдірахманова тізгінде көлік иесі Есенбаеваның отырғанын айтқан болатын. Бұған қоса, куәгердің жантүршігерлік оқиға күні берген түсініктемесін өзі емес, әлдебіреулердің нұсқауы бойынша жазғаны да анықталды.

Альбина Тохтахунова, куәгер:

—  Оқиға орнына келген тергеушілер ме, полиция қызметкерлері ме, білмеймін. Қызметкерлердің бірі маған «Тойота рав 4-тің» қандай көліктерге соқтығысқанын айтып тұрды. Мен соны түсініктеме етіп жазып бердім. Ал көліктің нақты қайда барып соққанын мен өз көзіммен көрген жоқпын.

Осылайша, нәрестенің өмірін қиған іске бүгін де нүкте қойылған жоқ. Жауап беруге тиісті  екі куәгер сотқа тағы да келмеді. Ал шетінеген кішкентай Дариянаның туыстары тергеушілер іске әлі де салғырт қарап отыр деп өкпелі.

Соңғы жаңалықтар