Садағы мен жебесін сайлаған жігіттер құралайды көзге атқан ата-баба ұрпағы екенін дәлелдеуде. Бұл жолғы шараға көрші Қырғызстанның сұр мергендері келген. Нысананы көздеген жігіттер ептілікпен қатар дәлдіктің де асқан үлгісін көрсетуі тиіс. Осы екі қасиет қатар қорған мергендер ғана жүзден жүйрік шықты. Шараның басты мақсаты – дәстүрлі спорт түрін дамытып, оны әлемдік деңгейге көтеру.
Сейітомар Батыржан, «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының президенті:
—Ата-бабаларымыздың заңын, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын көтеріп, жастарымыз ұмытпасын деген мақсатымыз бар.