Алматыда Сафар Шакеевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Сафар Шакеевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Алматыда Сафар Шакеевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Еріктілер Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Сафар Шакеевтің табылатынынан үміт үзбей, іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

  • 19 Шiлде 2016
  • 307
Фото - Caravan.kz

«Сафарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Еріктілермен кездесу 19 шілде күні таңғы 7-де Әл-Фарабиден жоғары, Весновка бойындағы балалардың ойын алаңында болады. Оған үлгермесе, штаб «Саду» ресторанында орналасқан (Әл-Фараби даңғылы, Достық пен Фурмонов көшелерінің ортасында). Байланыс телефоны: Ерікті-координатор Ислам Угушев — 87072526100.

Естеріңізге сала кетейін, 16.07 күні сағат 7.40 шамасында осы ауданда болғандардың кез келген ақпараты пайдалы», — деп жазады Facebook-та Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов.

Әлеуметтік желілерде пікір білдірушілер іздеу жұмыстарына дрондарды пайдалану қажет деген ой тастайды. Бұл іздеу аясын кеңейтеді.


Айта кетейік, кеше жоғалып кеткен Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн. теңге сыйақы тағайындалған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар