Алматыда сарапшылар Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін жаңалау мәселесін талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сарапшылар Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін жаңалау мәселесін талқылауда

Алматыда сарапшылар Орталық Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін жаңалау мәселесін талқылауда

Бүгін, 5-сәуірде Алматыда "Білім беру рыногін жаҺандастыру : Орталық Азия университеттерін жаңалау" тақырыбындағы 4-ші жыл сайынғы халықаралық конференция басталды. Екі күндік бас қосуға Орталық Азия аймағы, Батыс Еуропа және АҚШ елдерінен 200-дей мамандар қатысуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кездесуді ұйымдастырушы Білім беру желісі ұйымынан хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 948
Фото - Caravan.kz

Бас қосу аясында Орталық Азия елдері білім беру министрліктері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел мәслихаты өткізіледі. Онда аймақтағы жоғары білім беру жүйесін жаңалау мәселелері, соның ішінде аймақтағы жоғары оқу орындарына кредиттік оқыту жүйесін енгізу проблемасы талқыланады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдері жоғары білім беру жүйесін Болон келісіміне интеграциялау, аймақтағы жоғары білім ошақтарындағы стратегиялық басқару мәселесі, жоғары білім беру жүйесін жаҺандандырудағы ақпараттақ технологиялар ролі тәрізді тақырыптар талқыланады.

Конференциямен бір уақытта «Білім беру нарығын жаҺандандыру» тақырыбындағы халықаралық білім беру көрмесі ашылады. Онда халықаралық университеттер, бизнес мектептер, халықаралық білім беру қорлары, ақпараттық технологиялық компаниялар, баспа үйлері туралы ақпараттар ортаға салынады.
Сондай-ақ, бас қосу барысында «Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру жүйесін жаңалаудың экономикалық, қаржылық және басқару тұрғысындағы проблемалары» тақырыбындағы жұмыстардың байқауы ұйымдастырылады. Бас қосуда жоғары оқу орындарының оқытушылары жоғары білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мәселелеріне, кәсіби мамандар дайындау мәселесіне, аймақтық жоғары білім ошақтарының нарық және жаҺандану жағдайындағы даму мәселесіне, білім беру сапасын басқару мәселесіне қатысты өз пікір-көзқарастарын ортаға салады. Ең таңдаулы үш туынды арнайы сыйлыққа ие болады.

Соңғы жаңалықтар