Алматыда сәуір айында ІІІ Еуразиялық медиафорум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сәуір айында ІІІ Еуразиялық медиафорум өтеді

Алматыда сәуір айында ІІІ Еуразиялық медиафорум өтеді

22-24-сәуірде Алматыда ІІІ Еуразиялық медиафорум өтеді. Форум қарсаңында Ұлыбританияда Қазақстанның осы елдегі елшісі Ерлан Ыдырысовтың және Еуразиялық медиафорумға дайындық жұмыстары жөніндегі Лондондық топтың жетекшісі С.Филипстің қатысуымен Ұлыбританиялық және шетелдік журналистерді қабылдау қонақасы берілді.

  • 25 Наурыз 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нен хабарлағанындай, Қазақстан елшісі мен медиафорумға дайындық жұмыстары жөніндегі Лондондық топтың жетекшісі журналистерге алдағы форумның күн тәртібі және оған қатысушылар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Өз кезегінде журналистер «Еуразиялық медиафорум жұмысына табыс, шығармашылық және достық сипаттағы пікірталастар, қазіргі заманғы өзекті проблемалар мен оларды шешудегі журналистер ролі туралы ашық талқылаулар өткізуді» тіледі.

Соңғы жаңалықтар