Алматыда сынақтан жаппай сүрінген студенттер ректорды жағадан алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сынақтан жаппай сүрінген студенттер ректорды жағадан алды

Алматыда сынақтан жаппай сүрінген студенттер ректорды жағадан алды

Жалпы, Көлік және коммуникация академиясында дипломға қолы жете алмай жүрген 130 түлек бар екен. Ал басы дауға қалған оқу орнының басшысы тағы келесі жылға қалдырмай, екі аптадан кейін сынақты қайта қабылдауға келісті.   

Фото - Caravan.kz

Теміржолдың оқуын бітіріп, «теміржолшы» атанбай қалды. Төрт жыл бойы жүк тасымалын оқыған бұл қыз-жігіттер қала ішіндегі қоғамдық көлік туралы сұрақтың кесірінен дипломнан қағылдық деп отыр.

Мейірбек Ізбасқанов, академияны бітіруші:

-Мынау 92-ші маршрут бар ғой, автобус?Соның маршруты қай жерден қай жерге дейін қанша адам сол автобусқа сыяды деген сұрақ қойған. Оның бізге қатысы жоқ, топас  сұрақтар.

Автобуста қанша адамның отырғанынан бейхабар студенттердің дипломдық жұмыстары сол күйі қабылданбай қойған. Соған қатты ызаланған түлектер мән-мағынасыз сұрақтары үшін ректорды жағадан алды.    

Алтынай Тұрсынова, академияны бітіруші:

-Ана сұрақты қойды, мына сұрақты қойды ешқайсысы дұрыс емес дейді, ал ағай, дұрысын көрсетіп беріңізші маған?! Жақсы, мақұл, білдік біз дұрыс емес екенін,дұрысын көрсетіп беріңізші маған! Сіздің жалдап алған оқытушыларыңыз бізге осылай үйретті! Біз сізге солай қайтарып отырмыз!

Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы тіпті Алматыға келіп-кетіп жатқан пойыздардың күнде өзгеретін кестесіне дейін сұраған. Бірақ оған бірде бір студент жауап бере алмапты.                    

Бақытжан Қуанышев, Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры:

-Бұл Алматы станциясының кестесі ғой.  Осыны студент білуі керек!


 -Е,  мақұл, сіз осы жердің бастығысыз ия? Айттыңыз, «Тасымалдаушы ұйымдастыру және көлікті басқару» тақырыбың керемет екен, бірақ сен оны айта алмады дедің. Ал сіздің оқып отырғаныңыз ол мамандық! Сіз дипломның тақырыбын оқи алмай тұрсыз ғой, ағай!

Түлектердің айтуынша, даудың басы диплом саудасында екен. Ақшасын төлегендер өтіпті, ал өзі кіргендерге аяқтан шалу көп дейді студенттер.     

-Мына кісі 3-4 студентті кабинетіне кіргізіп айтқан, кім қанша алды, кімге қанша бердіңдер жазып беріңдер! Дипломыңды аласыңдар деген, әйтпесе құлайсыңдар деген.

Берік Мірсейтіовтің ұлы былтырдан бері дипломсыз жүр. Биыл да сынақтан сүрінді деген соң ауылдан өзі жеткен.

Берік Мірсейітов, студенттің әкесі:

-Бұл не деген сұмдық! Түсінбеймін! Былтыр құлатты, 50 мыңнан төледік! Тапқанымның бәрін осыны оқыту үшін алып келдік біз! Кеше өтпей қалдым дегенге мен жұмыстан қалып, бала-шағамды қалдырып келдім. Әбден өлдік біз сары уаымнан! 

Жалпы, Көлік және коммуникация академиясында дипломға қолы жете алмай жүрген 130 түлек бар екен. Ал басы дауға қалған оқу орнының басшысы тағы келесі жылға қалдырмай, екі аптадан кейін сынақты қайта қабылдауға келісті.