Алматыда терезеден қоқыс лақтырғандардың видеосы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда терезеден қоқыс лақтырғандардың видеосы жарияланды

Алматыда терезеден қоқыс лақтырғандардың видеосы жарияланды

Алматыда қоқыс тасуға ерінген құрылысшылар қалдық заттарды көпқабатты үйдің терезелерінен лақтырған. Мұны сол маңдағы тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алыпты.

  • 29 Мамыр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Шамамен 20 қабатты ғимарат жаңадан салынып жатса керек. Сыртқы келбеті соған меңзейді. Зәулім құрылыс әдемі-ақ тұрғызылып жатыр екен. Тек, ең жоғарғы қабаттарының терезелерінен қоқыс біткен ытқып ұшып жатыр. Ерінген жұмысшылар ештеңені қаперге алар емес. Алда-жалда біреудің басына түсер-ау деген ой ешкімнің басына кірмейтін сияқты. Елімізде осындай қоқысты қолымен алып шығуға ерінетіндердің кесірінен майып боп жатқандар да бар. Былтыр Ақтауда 8-ші қабаттың терезесінен тасталған теледидар 4 жасар баланың басына түскен еді. Бүлдіршін мүгедек боп қалды.