Алматыда тілшілер футбол ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тілшілер футбол ойнады

Алматыда тілшілер футбол ойнады

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан өзара кім мықтыны анықтады. Көктөбе телемұнарасының 30 жылдығына арналған додаға интернет басылымдардан бастап телеарна, газеттерге дейін қатысты.

  • 21 Қазан 2014
  • 251
Фото - Caravan.kz

Алаңға бірінші болып телеарналар мен интернет басылымдарынан құралған командалар шықты. Ойын барысында ширақ қимылдаған телеарна ұжымы 4:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ал, келесі болып допқа таласқан газет журналдар мен «Қазтелерадио» құрамасы 2:2 есебімен тең түсті. Алайда, 11 метрлік айып добын тебуде газет ұжымы қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ойын нәтижесі бойынша, «Қазтелерадио» құрамасы 1-орын, телеарна ұжымы 2-орын, ал, 3-орынды интернет басылымдарынан құралған команда еншіледі. Жеңімпаз командаларға бағалы силықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.


Сейітқазы Матаев, Журналистер одағының төрағасы:

-Біз “Қазтелерадио» акционерлік қоғамымен бірігіп, болашақта тағы түрлі шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Медеу, Шымбұлақ бәрі қасымызда тұр. Мүмкін бильярдтан турнир өткіземіз.