Жарияланды: 240

Алматыда төбелесіп қалған ағайынды екі полицейдің бірі екіншісін атып өлтірді

Алматыда төбелесіп қалған ағайынды екі полицейдің бірі екіншісін атып өлтірді Сурет - test.newsbuzz.ru

Алған жарақатынан полицей ауруханада көз жұмды деп хабарлайды

Бұл жайлы sn.kz жазды. 

Күні кеше ғана Алматы полициясында төтенше жағдай бопқұқық қорғаушы өз әріптесіне оқ атқан еді. Алған жарақатынан полицей ауруханада көз жұмды деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

«Әріптесмізге операция жасалды. Соған қарамастан ол сағат 22:00-де көз жұмды. Күдікті тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Сәдубаев.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Алматыда полицей өз әріптесіне оқ атқан. Кейін екеуінің жақын туыс екені белгілі болды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть